• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Тағайындау 23 Тамыз, 2024

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

88 рет
көрсетілді

Үкімет қаулысымен Асқар Сақтағанұлы Биахметов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Асқар Биахметов 1975 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, ҚАЗМЗА – «Құқықтану» мамандығы бойынша, Президент жанындағы МБА ҰМСМ магистратурасын «Саясаттану» мамандығы бойынша және Дьюк университетін бітірген.

1993–2004 жылдары облыстық қаржы басқармасында, «Профилакторий» ӨК, Салық комитетінде, қалалық әкімдікте, сондай-ақ Ақтөбе облысының қазынашылық және қаржы басқармаларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2004-2009 жылдары — Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы.

2009-2014 жылдары — Конституциялық Кеңестің бөлім меңгерушісі.

2014-2015 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры.

2015-2018 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2019-2020 жылдары — Премьер-министрдің бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2020-2023 жылдары — Премьер-министр Кеңсесі басшысының орынбасары.

2023 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — Үкімет Аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.