«Мир» радиосының (Мәскеу қаласы) бірегей жобасы 134 сериядан тұрады. Топтаманың барлығы аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарған 316-атқыштар дивизиясы батальонының ерлігіне арналады, деп хабарлады «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі.
1941 жылдың қараша айында батальон жауынгерлері дивизиядан қашықта, Волоколам тас жолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті командирдің басшылығы арқасында фашистер шабуылын тойтарып, әскери күш үлкен шығынсыз ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан аман шығады.
20 қаңтардан бастап, күн сайын 14 сағат 35 минутта «Қазақ радиосының» эфирінен «Волоколам тас жолы» радиосериалын тыңдаңыздар.