Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржауов WCOPA2024 халықаралық өнер байқауында бірден жеті жүлдеге ие болды.
Голливудта өткен байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен талантты орындаушылар қатысты. Әлихан «актерлік өнер» және «моделинг» аталымдары бойынша өнер көрсетті. Онда өнерпаз үш алтын және үш күміс медаль жеңіп алды. Оған қоса кәсібилігі мен шеберлігін растайтын арнайы орден табысталды.
Нәтижесінде, әлемдік модельдердің үштігіне енген Әлихан енді әйгілі Versace және Gucci брендтерімен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр.
Әлихан Алматы қаласында туған. Қазір Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінде театр және кино актері мамандығын меңгеріп жатыр. Әлі студент болғанына қарамастан, жақында актер ретінде дебют жасап, ресейлік сериалда басты рөлді сомдады.