• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Тамыз, 2024

Көкшетаудағы диспансерде 25 жыл жатқан адамның туыстары іздестіріліп жатыр

187 рет
көрсетілді

Ақмола облысында 1999 жылдан бері Көкшетаудағы психоневрологиялық диспансерде жатқан, есінен айырылған ер адамның туыстары іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Lider.kz еріктілері мәлімдеді.

- Бұл адам 1999 жылдан бастап Көкшетауда психоневрологиялық диспансерде жатыр. Ол туралы ешқандай дерек жоқ, өзінің де ештеңе есінде жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Еріктілер ер адамды білетін туыстарын немесе таныстарын іздейді. Танығандардан мына нөмірлерге хабарласу сұралды: 8 702 531 80 19 немесе 8 775 085 03 15.