• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Тамыз, 2024

Йемен жағалауында кеме апатынан 13 адам қаза тапты

84 рет
көрсетілді

Йеменнің Таиз қаласының жағалауында заңсыз мигранттар мінген қайық аударылып, 13 адам қаза тапты, тағы 14 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 20 тамызда болған. Кеме Джибутиге бет алған, бортында Эфиопиядан 25 және Йеменнен екі адам болған.

«Қайтыс болғандардың арасында 11 ер адам мен 2 әйел адам бар. Марқұмдардың мәйіттері Дубаб ауданындағы Аль-Шура маңындағы Баб-эль-Мандеб  жағасынан табылды», деп хабарлады БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы.