• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Саясат 27 Тамыз, 2024

Әріптестікті нығайтатын келіссөз

41 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Германия Федеративтік Республикасындағы әріптестерімен бірқатар келіссөз жүргізді.

Жұмыс сапары барысында Федерал­­дық білім және ғылыми зерттеу­лер министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Йенс Бранденбургпен, Феде­рал­дық ауыл шаруашылығы азық-түлік министрлігінің Парламенттік статс-хатшысы Клаудия Мюллермен, «German Water Partnership» ұйымының басқарушы директоры Борис Грейфенедермен, Федералдық канцлер ведомствосының ұлттық және халықаралық экономикалық саясат тобының жетекшісі Холгер Фабигпен және Геология ғылымдары (GFZ) неміс зерттеу орталығының ғылыми директоры Сюзанне Буйтермен кездесу өтті. 

Федералдық білім және ғылыми зерттеулер министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Йенс Бранденбургпен су шаруашылығы саласының кәсіби кадр­ларын бірлесіп даярлау келешегін талқыланды. Неміс тарапы жақын арада Тараздағы жаңа Қазақ ұлттық су ша­руашылығы және ирригация уни­вер­ситетімен ынтымақтастық үшін жоғары оқу орнын айқындауға дайын екенін білдірді.

Қанат Бозымбаев Федералдық азық-түлік ауыл шаруашылығы министрлігінің Парламенттік Мемлекеттік хатшысы Клаудия Мюллермен қазақстандық агроөнеркәсіптік және органикалық өнімдердің Германия нарығына шығу мүмкіндіктерін талқылады. 

Тараптар Орталық Азиядағы Орнықты егіншіліктің аймақтық орталығының тұжы­рымдамасын бекітуге келісті. Орнықты егінші­ліктің аймақтық орталығын құру жөніндегі жұмыс Қазақстан Президентінің 2023 жылғы 28-29 қыркүйектегі Германияға ресми сапары барысында айтылған бастамасы бойынша жүргізіліп жатыр. 

Содан кейін вице-премьер «German Water Partnership» басқарушы директоры Борис Грейфенедермен келіссөз жүргізді.

Германияның су серіктестігі (German Water Partnership, GWP) — бұл Германия­ның су саласындағы 300-ден астам компанияны біріктіретін халықаралық су саласының желісі. GWP-мен ынтымақтастық су ресурстарын тұрақты және тиімді басқару жолындағы маңызды қадам және дәлел­денген жаңа технологияларды пайда­лануға мүмкіндік береді. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының Су әріп­тес­тігі туралы Жаһандық келісімнің жобасын әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар Қанат Бозымбаев «Су – тұрақты даму үшін» дөңгелек үстелінің панельдік талқылауына қатысты.

«Соңғы 80 жылдағы қарқындылығы бойынша бұрын-соңды болмаған соңғы су тасқынының салдары болашақта осындай апаттармен күресу және алдын алу үшін инновациялық тәсілдердің қажеттілігін көрсетті. Қазіргі уақытта БҰҰДБ-ның көмегімен біз «Talsim» су тасқынын болжау жөніндегі неміс цифрлық шешімін сынақтан өткіземіз. Біз сондай-ақ су тасқыны мәселелерін шешудің неміс тәжірибесін және оның салдарын азайту бағдарламаларын зерттеуге дайынбыз», деді Қ.Бозымбаев. 

Дөңгелек үстел барысында ондаған неміс компаниясы Қазақстандағы өнді­ріс­ке және ынтымақтастыққа ниет біл­дірді.

Бұдан әрі Қанат Бозымбаев Федерал­дық канцлер ведомствосының ұлттық және халықаралық экономикалық саясат жөніндегі тобының жетекшісі Холгер Фабигпен кездесті. Тараптар өнер­кәсіптік-шикізаттық ынтымақтастық және минералды ресурстарды бірлесіп игеру саласында пікір алмасты.

«Шикізатты жергілікті жерде қайта өңдеу дәрежесін арттыру, одан кейін жоғары қайта бөлу өнімдерін тасымалдау Қазақстан үшін де, Германия үшін де бірқатар артықшылыққа ие. Біздің Президентіміз айтқандай, біз өз тарапымыздан бірлескен шикізат жобаларын іске асыру бойынша неміс және қазақстандық компаниялардың консорциумын құруды оңтайлы деп санаймыз», деп атап өтті вице-премьер.

Қанат Бозымбаев Неміс геоғылымдар зерттеу орталығының (GFZ) ғылыми дирек­торы Сюзанне Буйтермен Қазақ­стан­дағы жерасты су ресурстарын зерт­теу мәселелерін талқылады. Бүгінде «Қаз­гидромет» ұлттық гидрометеорологиялық қызметі мен GFZ Берлин процесі және «Жасыл Орталық Азия» бастамасы аясында тиімді ынтымақтастық құрған.

Вице-премьердің Германияға жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

– Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Герма­нияның Қоршаған орта мәселелері жө­ніндегі Тәуелсіз институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

– Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Неміс су әріптестігі арасындағы меморандум;

– Қазақстан Республикасы Су ресурс­тары және ирригация министрлігі мен «INNARI инновациялық табиғи суару» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы меморандум;

– Қазақстан Республикасы – «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мен Германияның тәуелсіз экологиялық проблемалар институты (ҰЭП) арасындағы меморандум;

– Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Гер­манияның Экологиялық проблемалардың тәуелсіз институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.