Құрметті салық төлеушілер! Астана қаласының прокуратурасы мемлекет пайдасына салық берешегінің уақытында өндіріліп алуын тексереді. Соған байланысты, сіздерді тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша салық органына жүгініп, салық бойынша берешегіңіздің бар-жоғын анықтауыңызды өтінеміз! Мәжбүрлі түрде өндіріліп алуды, соның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен шығуға шектеу қоюды, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылуды болдырмау мақсатында, сіздерді, егер салық берешегіңіз болса, қысқа мерзімнің ішінде өтеуіңізді сұраймыз. Қосымша ақпарат www.astananalog.kz сайтында.
Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.