26 тамыз күні Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын жасырумен айналысқан 18 жастағы студентті ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Анықталғандай, 18 жастағы студент Орал қаласындағы колледждердің бірінде оқиды. Оны жеке тексеру кезінде ішінде ақ түсті ұнтақ тәріздес зат салынған 36 зип-пакет табылып, тәркіленген.
Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілген. Сонымен қатар күдікті ұсталған кезде 4 зип-пакетті жасырып үлгергені анықталды.
Айта кетейік, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.