Көпбалалы отбасының 9 жастағы қызы өз бөлмесінде асылып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz Instagram әлеуметтік желісіндегі Nayazakokshe парақшасына сілтеме жасап.
«Қызының мәйітін әкесі көріп, өзі ауруханаға апарған. Бірақ кеш, бала аман қалған жоқ. Үшінші сыныпта оқитын қыз бала қазан айында 10 жасқа толатын еді. Баланы өлімге не итермелегені белгісіз», делінген жазбада.
Ақпаратқа Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», деді полиция қызметкерлері.