Қазақстан Елшісі Талғат Шалданбай Иордания Королі Абдалла II ибн Әл-Хусейнге сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты рәсімнен кейін «Рагадан» корольдік сарайында Хашимит Корольдігі монархында ресми қабылдау өткен. Иордания Королі Елшіге Қазақстан-Иордания қатынастарын нығайту бағытында табысты және жемісті жұмыс тіледі.
Кездесуден кейін Елші Корольдік сарайдың қонақтар кітабына естелік қолтаңбасын қалдырды. Сонымен қатар Елші Хашимит Корольдігінің негізін қалаушы Король Абдалла I ибн Әл-Хусейн, Король Талал ибн Абдалла және Король Хусейн ибн Талалдың қабірлеріне гүл шоқтарын қойды.