V Дүниежүзілік Көшпелілер ойындарында қазақ күресінен 44 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ел намысын қорғайтын балуандарымыздың басты қарсыластары Өзбекстан, Грузия, Әзербайжан, Моңғолия, Түрікменстан елдерінен келетін спортшылар.
«Негізгі мақсат – өзге елдерден келетін қонақтарға қазақ күресінің ең әдемі әрі мәдениетті күрес екенін көрсету. Балуандар боз кілемде қарсыласқа құрмет көрсете білуі керек», дейді ұлттық құраманың бас бапкері Ғани Келдіқұлов.