• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Алматы 29 Тамыз, 2024

«Huawei Partners» конференциясы өтті

56 рет
көрсетілді

Алматыда «Huawei Partners 2024» конференциясы өтті. Еліміздің жүзден астам IT-қоғамдастық өкілі цифрлық дамудың болашағы мен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылау мақсатында бас қосты.

Жиынға қатысушылар серік­тес­­тікті дамытудың негізгі бағыт­тарын айқындап, «Huawei» ком­паниясының соңғы жаңа­лық­­тары мен шешімдерін талқы­ла­ды.

«Кейінгі онжылдықта біз зерт­теулер мен әзірлемелерге 160 мил­­лиард доллар көлемінде үл­кен қаражат салдық. Өткен жылы ком­па­нияның сату көле­мі 99,4 мил­лиард долларды құ­ра­ды, бұл біздің нарықтағы әлеуе­тімізді және қар­жылық мүм­кін­діктерімізді көрсетеді. 2024 жылы желімізге 59 жаңа компанияны қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл әдеттегі көр­сет­кіш­тен 114 пайызға артық», деді «Huawei Technologies Kazakhstan» бас директоры Чжао Сюй.

Жиындағы басты тақы­рып­тар­дың бірі Wi-Fi 7 шешімін іске қосу туралы болды.

«2024 жылдың соңына қа­рай нарыққа 200 миллионнан астам Wi-Fi 7-ні қолдайтын құрыл­ғы­лар шығады. Бұл – біздің кор­поративті клиенттерімізге жұмыс тиімділігін едәуір арт­ты­ру­ға мүмкіндік беретін сымсыз тех­нологияларды дамытудың жаңа кезеңі. Wi-Fi 7 көмегімен компаниялар бизнес-міндеттерді тезірек және сапалы шеше алады», деді «Huawei Technologies Kazakhstan»  шешімдерді сату бөлімінің директоры Ге Лян.

Конференцияда «Huawei»-дің жетекші сарапшыларының баян­­дамалары ұсынылды. Олар цифр­лық трансформация сала­сындағы білімдері мен тәжіри­бе­лерін бөлісті. Жасанды интеллектіні ұтымды қол­да­ну, тұрақты даму және жаңа техно­ло­гияларды қолданыстағы бизнес-модельдерге интеграциялау мәселе­ле­рі­не ерекше назар аударылды.

«Huawei» өз серіктестерін үнемі қолдап отырады. Бірлесіп жұмыс істеу, сапалы маман­дар­дың білік­ті­лігін арттыру және ресурстарға инвестиция салу өзара табысқа жетуге ықпал ете­тініне сенімдіміз. Біздің мақ­сатымыз – серіктестерге өз бизнестерін айтарлықтай дамытып, қоғамға ең пайдалы әрі тиімді шешімдерді ұсына алатындай барлық қажетті құрал­дарды ұсыну», деді »Huawei Technologies Kazakhstan» серіктес­те­рімен жұмыс жөніндегі менеджер Руслан Әбілғазин.