• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Балалар 29 Тамыз, 2024

Бала қауіпсіздігі – басты назарда

111 рет
көрсетілді

Еліміздің әр аймағында «Абайлаңыз, балалар!» науқаны жалғасып жатыр. ­Оқу жылының басталуы қарсаңында дәстүрлі ұйымдастырылатын акция биыл ­­26 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өткізіледі. Мұндағы мақсат – оқыс оқиға­лар­дың алдын алу, балақайлардың жолдағы қауіпсіздігіне назар салу. Әсіресе көлік жүргізушілерін мектеп маңында сақ болуға шақыру.

Жыл басынан бері ел­ор­­дада балалардың қаты­суы­мен 123 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде кә­мелетке толмаған 126 бала зар­­дап шексе, өкінішке қа­­рай, бір жасөспірімнің өмі­рін құтқару мүмкін бол­маған.

«Балалардың жол-кө­лік оқиғаларына түспеуінің, жарақаттануының алдын алу, кәмелетке толмағандар­дың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұруына байланысты дағдыларын бекіту өте маңызды. Бұл іске әсіресе оқу жылы бас­талуы қарсаңында ерекше ден қойылады. Осы орайда республикалық акция аясында жаппай қала аумағын­да орналасқан барлық мек­тептің оқушыларына та­нымдық іс-шаралар өткі­зі­ліп жатыр. Мәселен, кеше Астана қаласындағы №54 мектеп-лицейінің жас жол инспекторы мектеп жа­сағымен бірлесіп авто­кө­лік құралдарының жүр­гі­зушілеріне жол тақыры­бын­дағы 30-ға жуық жадынама­ны тарату арқылы «Жүргізу­ші, бізді қорғаңдар!» үгіт-насихат акциясын жүр­гіз­дік. Өскелең ұрпақтың қателікке ұрынбауы үшін жол ережесі бойынша сауаттылықты арттыруда мұндай іс-шаралардың ма­ңызы зор», дейді Астана қаласы Байқоңыр ауданы Полиция басқармасы Жер­гілікті полиция қызметі бө­лімі Ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Хафиз Мұқышев.

Акция аясында білім ­органдарымен, мектеп­тегі қозғалыстың жас инс­пекторлары жасақтары­мен бірлесіп, автокөлік құ­рал­дары жүргізушілері­не жадынамалар, жол та­қырыбына жазылған балалар шығармалары үлес­тіріліп, «Жүргізуші назарына!» насихат акциясы ұйым­дастырылады.