• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Тамыз, 2024

Ақтаудағы жаңа оқу орны

70 рет
көрсетілді

Маңғыстаудың дамуын әртараптандыру – бүгінгінің басты талабы. Тек мұнайға сүйенбей, жаңа жұмыс орындарын ашу, экономиканы арттыру мақсатында Hyrasia Energy компаниясы (Svevind Energy GmbH еншілес компаниясы) Маңғыстау облысында «жасыл» сутегі өндіретін зауыт салу жобасын іске асырады. Жаңа зауытқа маман даярлау үшін 2023 жылғы қыркүйекте Yessenov University базасында Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты ашылды.

Аталған институт, яғни KINI неміс стандарттары бойынша болашақ баламалы энергетика және жаңартылатын ресурс­тар саласындағы инженерлерін даяр­лайды.

Үкіметтің 2024 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен Маң­­ғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеу­меттік-экономикалық да­муы­ның ке­шенді жоспары бе­кітілді. Жос­парда Ш.Есенов университетінің базасындағы Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты (KINI) ғимаратының құрылысына 2025 жылға 10 млрд теңге қарас­тырылған. Қаржыландыру тетігі нысаналы даму трансферт рәсімі арқылы жүзеге асы­рылады. Қазіргі уақытта Ш.Есенов университеті неміс универ­ситтерімен бірлесе ауди­ториялар мен қажетті зерт­ханалардың санын белгілей отырып, құрылыстың жобалық тапсырмасын әзірледі.

«Сондай-ақ жергілікті уәкі­летті органдардан жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы, тоқ, су, жылу және байланыс желілерін жабдықтау саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттар алынды. Ғимараттың эскиздік жобасы Ақтау қаласы әкімдігімен келісіліп, бекітілді. Жобалау сметалық құжаты сараптамадан өтуге дайындалып жатыр», деді Ш.Есенов университетінің ректоры Берік Ахметов.

Ректордың айтуынша, жоба бойынша 6 қабаттан құ­рылып, жалпы ауданы 25 960 шаршы метр болатын инсти­тут ғи­ма­ратының қазіргі таңда мем­ле­кеттік сараптамаға құжат­тары жолданған.

Маңғыстау өңірінен салы­натын жаңа ғимарат теңіз жаға­сындағы қала сәнін арттырса, жаңа институт еліміздің жастары үшін болашаққа бастама болмақ.

 

Маңғыстау облысы