• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2015

Өзара құқықтық көмекке жол ашылды

245 рет
көрсетілді

Кеше Бас Прокурор Асхат Дауылбаев пен Италия Респуб­лика­сының Төтенше және өкілетті елшісі Стефано Раваньян Қазақ­стан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қылмыс­керлерді ұстап беру туралы және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарға қол қойды. А.Дауылбаев осы маңыз­ды оқиғаның Еуропалық қауым­дастықпен құқықтық қатынастың үдемелі дамуының және Қазақ­стан­ның құқықтық жүйесіне сенімнің көрінісі екенін айтты. Италия қылмыстық-құқықтық саладағы мемлекетаралық шарттардың толық жинағын жасасқан алғашқы еуропалық елдердің бірі болып табылады. 2013 жылдың қарашасында екі ел арасында сотталған адамдарды тапсыру туралы келісімге қол қойылды және Қазақстан оны өткен жылдың күзінде ратификациялады. Шарттар күшіне енген соң екі елде де өзара құқықтық көмек көрсету, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға құқықтық негіздер пайда болады. Тараптар атап өткендей, шарттарға қол қою қылмысқа қарсы күрес саласындағы әріптестікті нығайту, аталған бағыттағы қадағалау және құқық қорғау органдары жұмыстарының тиімділігін арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.