Өскемен қаласындағы Назарбаев даңғылы бойында тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты. Оқиға бүгін, 29 тамызда болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабар таратты.
«Өрт сөндіру бөлімшелері түтін аймағынан 15 тұрғынды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр», деді министрлік өкілдері.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.