«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Алматы қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы жылдың 26-27 тамызында Алматы қаласы, Аль-Фараби көшесі, 73-үй, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, жаңа корпусында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – дінтану маманы Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы және Нейролингвистикалық бағдарламалау маманы, психолог Сейтқали Мирзада Шахманұлы семинар-тренинг өткізді.
Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы «Әлеуметтік желіде түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы» тақырыбымен қатысушыларға қазіргі ғаламтор арқылы жас өркеннің бойына тәрбиелік мәні зор дүниелерді сіңіре білу мүмкіндігін қамтамасыз ету, қазіргі уақытта жамағатпен байланысты әлеуметтік желі арқылы орнатудың маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ, «Әлеуметтік желінің алгоритмдерін меңгеру және тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбында қатысушыларға әлеуметтік желіде жергілікті парақшаны жүргізу әдістерін үйретті.
Сейтқали Мирзада Шахманұлы «Ораторское мастерство: Искусство публичных выступлений» тақырыбында сөйлеу техникасының меңгерудің тиімді жолдарын атап өтіп, дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуына септігін тигізетін тәсілдермен бөлісті. Сондай-ақ, «Навыки высокоэффективных людей» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады.
Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.