«Таза Қазақстан» сервисі енді «eGov mobile» қосымшасында қолжетімді. Функция әрбір азаматқа смартфонның көмегімен өз қалаларын абаттандыру және экология мәселелері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
Аталған электронды қызметтің көмегі арқылы тұрғындар экологиялық проблемаларды фотосуретке түсіріп, оны жедел шешу үшін жауапты құрылымдарға ақпарат бере алады.
Бұл қосымша іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар tazaqazaqstan.kz сайты және «TazaQazBot» телеграм-боты арқылы 1 500-ден астам өтінім берді. Бұл технологияны «eGov mobile» қосымшасымен біріктіру өтінім беру үдерісін одан сайын жеңіл әрі қолжетімді етеді.
Қосымша пайдаланушылары жолдардың, саябақтардың, кіреберістердің, жарықтандырудың, сондай-ақ қоғамдық және жеке аумақтардың санитарлық жағдайына қатысты мәселелердің кең ауқымы бойынша өтінімдер бере алады.
Одан соң барлық ақпарат операторға жергілікті атқарушы органнан келіп түседі, ол оны жіктейді және орындаушыны тағайындайды. Ал орындаушы жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша фотосуретпен және түсініктемемен кері байланыс береді. Кейін өтінім берген азамат орындалған жұмыстың сапасын бағалай алады және бұрын берілген барлық өтінімдерді көре алады.
Айта кетейік, «eGov мobile» қосымшасының жаңа функционалын Экология министрлігі, сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен бірлесіп іске қосты.