Елорда тұрғындарына құқықтық кеңес берілді. Ашық есік күнін Қазақстанның Азаматтық Альянсы Конституция күні қарсаңында ұйымдастырды. Құқықтық мәселелерді талқылауға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қаланың белсенді азаматтары жиналды.
Кеңесші ретінде Әділет департаментінің мамандары, адвокаттар, нотариустар, заңгерлер, сарапшылар шақырылды. Олар арнайы ұсыныс айтып, тұрғындар кәсіби көмек алды.
– ҮЕҰ мен елорда азаматтарына Ашық есік күнін бірінші рет ұйымдастырып отырмыз. Жалпы, барлық өңірде бір мезгілде құқықтық мәселелер бойынша Ашық есік күні өтіп жатыр. Нотариустар, адвокаттар кеңестерінің ақысын төлеуге бәрінің қалтасы көтере бермейді. Әсіресе отбасы дүниесін бөлу немесе біріктіру, мұра, жәрдемақы төлеу, шоттарды бұғаттау сияқты және басқа да маңызды мәселелер бойынша жүгінеді. Сондықтан бұл іс-шара тұрғындарға өз құқықтары туралы көбірек білуге көмектеседі. Құқықтық сауатсыздық азаматтық белсенділікті төмендетеді. Адамдар өз құқықтарын білетін болса, олар өз қаласына, ауданына, ауылына бір нәрсе жасауға мүмкіндігі болады, – деді Астана қаласы ҮЕҰ альянсының президенті Махаббат Еспенова.
Іс-шара «Адал азамат – белсенді қоғам» азаматтық қоғамды дамыту ұлттық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында өтті.
– Бұл алаң азаматтарға көмек көрсетуге берілген. Адамдар кері байланыс, пайдалы ақпарат және көмек алады. Мұндай Ашық есік күндерін мамандарға өз бетінше жүгінуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар үшін өткізу аса маңызды, – дейді Астана қаласы Адвокаттар алқасының мүшесі Арнұр Чегибаев.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ашық есік күндерін тұрақты түрде өткізу жоспарда бар.