• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ата заң 30 Тамыз, 2024

Еліміздегі ерекше мереке

280 рет
көрсетілді

1995 жылы қабылданған еліміздің Ата заңы «Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жариялады.

Сот жүйесі үшін Конс­ти­ту­ция күні ерекше маңыз­ды. Себе­бі судья­лар конс­титуциялық құн­ды­лық­тарды, азаматтардың құқық­­тары мен заңды мүдделерін қор­ғауды іске асырады. Қазіргі таңда Әділетті Қазақстан құ­ру үшін заң­ның үстемдігін, әділеттілік қағида­тын қамта­масыз ету басты міндет және солай болып қала береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сот жүйесін реформалау және цифрландыру бойынша бірқатар заңнамалық әрі практикалық шара қабыл­данып жатыр.

Жоғарғы сот басшылығымен әкімшілік әділет саласын, ювеналды соттардың соттылығын кеңей­ту, кассациялық саты­дағы сот­ты өз алдына дербес шы­ғару, аза­маттардың сот төре­лігі­не қол жеткізуін жеңілдету және судья­ларға жүктемені теңестіру үшін қалалардағы бірінші сатыдағы соттардың біріктіріп, болашақ судья­ларды даярлау бағыты бойын­ша да нақты қадамдар жасалып жатыр. Осы және басқа да жаңа­шыл­дық­тың барлығы сот жүйе­сінің басты міндетін шешу, яғни сот төрелігін жүзеге асырудың жоғары сапасын қамтамасыз ету болмақ.

Биыл қазан айында Мем­лекет басшысының қатысуымен Қазақстан судьяларының IX съе­зінің өтуі жоспарланып отыр. Аталған кездесуде кейін­гі төрт жылда атқарылған жұ­мыстың есебі тыңдалып, сот жүйесінің алдына қойылатын мақсаттар айқындалады.

Сот саласында қызмет жасап, Сот төрелігі академиясын тәмам­дап, Жоғарғы соттың және Жоғары сот кеңесінің жас мамандарды қол­дауымен, Президенттің сенім біл­діруімен алғаш рет Астана қала­сы бойынша ең жас судья болып тағайын­далдым. Сондықтан биылғы Конс­титуция күні мерекесінің менің өмірімде алатын орны ерекше.

Отандық сот жүйесінің алдында келелі мақсаттар тұр. Бұл – сотқа деген көпшіліктің сенімін арттыру. Осы орайда отандастарымызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, заң үстемдігін жүзеге асырудағы қызметте табыс тілеймін.

 

Рахымжан ДҮЙСЕНБАЙ,

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы