• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2015

Күн тәртібі нақтыланды

294 рет
көрсетілді

Кеше палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төраға­лығымен Мәжіліс бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Депутаттар талқысына та­быс­қа салынатын салықтарға қатыс­ты қосарланған салық салуды бол­дырмауға және салық салудан жал­тару­ға жол бермеуге қатысты қазақ­стан­дық-македондық үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылатын болды. Сондай-ақ, күн тәртібі жобасына Кеден одағына мүше мемлекеттер болып табылмайтын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қаты­­сушы мемлекеттермен өзара сау­­да­­дағы техникалық кедер­гі­лерді жою туралы Кеден ода­ғына мүше мемлекеттердің келі­сімін ратификациялауға байланыс­ты заң жобасы да енгізілген. Соны­мен қатар, халықаралық әуе тасы­малдарының кейбір қағидаларын біріздендіруге арналған конвенцияны ратификациялауға қатысты қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындау және бітімгершілік қызмет туралы заң жобасы бойынша жұмысты ілеспелі түзетулермен одан әрі жалғастыруға байланысты мәселелер қамтылған.