Конституция күніне орай Алматының визит карточкасында сәулеттік-көркемдік жарықтандыру іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, Конституция күніне орай «Көктөбе» телемұнарасының медиа қасбетінде мультимедиялық шоу 30 тамызда сағат 21:00-де басталады.
Телемұнараға жарық беру төмендегі кесте бойынша жұмыс істейді:
Күн сайын сағат 20:00-ден 02:00-ге дейін мұнараның өзінде динамикалық жарықтандыру қосылады; 02:00-ден 05:00-ге дейін мұнара фондық режимде прожекторлар арқылы жарқырайды; Мереке күндері 21:00-ден 02:00-ге дейін мультимедиялық мерекелік бейнеролик қосылады; Сағат 02:00-ден 05:00-ге дейін прожектор арқылы жарықтандыру іске қосылады.Айта кетейік, телемұнара түрлі шашырау бұрыштары бар 185 TLS-H прожекторларымен, сондай-ақ құрылымның 10 деңгейін бірдей жарықтандыратын LED модульдері бар жарық желілерінің медиа қасбетімен жабдықталған.