• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Күрес Бүгін, 14:25

Әлем чемпионаты: Қазақ балуандарының қарсыластары анықталды

27 рет
көрсетілді

Ертең Испанияда басталатын 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты бойынша грек-рим күресінен Қазақстан спортшыларының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ балуандарының қарсыластары:

55 келіде Айбек Айтбеков бірінші айналымда испаниялық Арто Кастаномен белдеспек.

Бағдат Сабақ (63 келі) жарысты екінші айналымнан бастайды, ол Үндістан-Армения балуандары белдесуінің жеңімпазымен ширек финал үшін күреседі.

77 келіде Диас Сейітқалиев алғашқы белдесуінде армениялық Х.Геворгянмен кездеседі.

Темірлан Тұрдақын (87 келі) Қытай-Түркия балуандары арасында жеңіске жеткен балуанмен белдеседі.