• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Өнер 03 Қыркүйек, 2024

Алтайдың ар жағынан келген ару: Мақпал Жүнісова танымал әннің тарихы туралы айтты

70 рет
көрсетілді

Танымал әнші Мақпал Жүнісова "Алтайдың ар жағынан келген ару" әнінің шығу тарихын айтып, видео жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

- 1989 жылы осы әннің авторы, марқұм Тұрсынғазы Рахым арнайы мені телеарнаға шақырды. Сол уақытта ағамыз телеарнада қызметте болатын. "Мақпалжан, осы әннің тұсауын өзің кесіп бер" деді. Ал мен "Ойбу, аға! Бұл жігіттер айтатын ән ғой. "Алтайдың ар жағынан келген жігіт" деп жазғаныңызда айтар едім" деп күлдім. Бірақ келісімімді беріп: "Аға, бір аптадан соң "Қазақконцертте" бір концерт болады. Сонда орындап, тұсауын кесіп берейін" дедім. Ол кісі қатты қуанды. 1990 жылы радиоға жазуымды өтінді, артынша Германияда менің алғаш лазерлі таспам шықты. Соған осы ән енді. Кейіннен Жетісайда гастрольде жүргенде бір қара торы Сәкен Қалымов деген жігіт маған келіп, осы әнді орындағысы келетінін айтты. Мен бірден "Иә, бұл әнді жігіт орындаса, тіптен жақсы болады» деп, рұқсат еттім. Содан Сәкен Қалымов "Тамашаның" сахнасында эстрадаға лайықты өңдеп, айтып шыққан соң әннің бағы жанған еді. Тынышбай ағамыз да өмірден разы болып өтті, - деп жазды Мақпал Жүнісова.