• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жоба 03 Қыркүйек, 2024

«Отпан» жобасы бастау алды

108 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында 50 тірек мектебін бекітіп, еліміздің жетекші мек­тептерімен ынтымақтаса отырып, кешенді әдістемелік қолдау тетіктері арқылы білім сапасын арттыру мақсатында тұңғыш рет «Отпан» жобасы іске асырылып жатыр.

Маңғыстау облысының әкімі Нұр­дәулет Қилыбай «Отпан» жобасына енген шалғай ауылдарда орналасқан мектептердің жағдайымен танысты. Өңір басшысы алдымен Түпқараған ауданындағы Шахта мектебіне барды. Жобаға 700-ге жуық оқушы мен 80-нен астам мұғалім қатысып жатыр, шамамен 17-19 оқу сыныбы мен зертханасын жаңғырту жоспарланған. Сонымен қатар Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау ауданы Онды ауы­лындағы Әбіш Кекілбаев атындағы мек­тептің жаңа оқу жылына дайындығымен танысты. Мұнда «Отпан» жобасына 270-ке жуық оқушы мен 40-тан астам мұғалім қатысып, шамамен 16 оқу сыныбы мен зертханасын жаңғырту жоспарланған. Айта кету керек, жаңа оқу жылы қарсаңында бастау алған бірегей жобаға Бейнеу, Мұнайлы, Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия аудандары, Жаңаөзен мен Ақтау қаласынан барлығы 50 мектеп қатысады. Аталған мектептерде материалдық базаны жаңарту, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ аудандар мен облыстың әдістемелік орталықтарын дамыту бағдарламасы іске қосылды.

Жоба шеңберінде осы 50 мектепте білім алатын 60 мыңнан астам оқушыларды қамту, 7 мыңға жуық мұғалім, мектеп әкімшілігі, психологтер, әдіскерлер, білім бөлімінің мамандарын оқыту қарастырылған.

Бастапқы кезеңде мектеп ғимараттары­­ның жай-күйіне талдау жүргізіліп, нәти­же­­сін­де, сыныптардың материалдық және тех­­ни­ка­лық базасын жаңарту бойынша жұмыс­т­ар ұйымдастырылды. Екінші кезекте мұға­лім­дердің кәсіби қажеттіліктері анықталды, соған орай ұстаздардың біліктілігін арт­ты­ру Назарбев зияткерлік мектептері мен Білім-инно­вация лицейлері ұстаздары баста­ған бір топ тренер мен сарапшы даярлаған арнайы оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Келесі бағыты – мектептерде құрыл­ған педагогтер мен оқушыларды әрі қарай қолдау жұмыстары. Жобаны облыстық білім басқармасы мен білім саласын тұрақты дамыту қоры жүзеге асырып отыр.

 – Облыстағы ұстаздардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс маусым айын­да басталды. Семинарлар мен тренинг­тер 13 пәннен, педагогика мен психология, бастауыш сынып секілді бағыттар бо­йын­ша жүргізіліп жатыр. «Отпан» жобасы аясында шығындардың басым бөлігі кәсіп­керлердің демеушілік көмегі арқылы өтелетінін атап айту керек. Әрбір қатысушы мектептің материалды-техникалық базасын жаңартуына және мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға демеушілер тарапы­нан 170 млн тенге шамасында қаражат бері­леді. Оған қоса мектептегі жөндеу жұмысы­на облыстық әкімдік тарапынан 1,5 млрд теңге бөлініп отыр, – деді Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.

Жобаны іске асыру мерзімі екі жыл, қо­сымша тағы бір жыл аясында педагогтерді қол­­дау жұмысы көзделген.

 

Маңғыстау облысы