• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ЖОЛДАУ 04 Қыркүйек, 2024

Сапалы маман – саламатты елдің кепілі

107 рет
көрсетілді

Жаңа оқу маусымы жылдағы дәстүр бойынша Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауымен басталды. Бұл үрдістің игілігі көп, халыққа берері мол деп санаймын. Биыл да Қасым-Жомарт Тоқаев біраз келелі ой айтып, елдің көкейіндегі мәселелерге кеңірек тоқталды.

Президенттің ұлт саулығына бай­ланысты сөздері ойға қонымды болды деп есептеймін. Айталық, Мем­ле­кет басшысы білікті медицина мамандарының тапшылығы әлі де өзек­тілігі жойылмаған мәселелердің қатарында екеніне ерекше назар аудар­ды. Мемлекеттен тағайындалатын грант медицинаны жүрек қалауымен таңдап, білімі озат, алғыр жастарға беріл­уі қажет.

Бұл бағыттағы жұ­мысты Астана медицина универ­ситеті мықтап қолға алғанын айта кетейін. Мәселен, биыл жаңа оқу жылында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың тікелей қол­дауымен білім шаңырағы 4 студенттер үйін пайдалануға берді. Мұның бәрі – шәкірттерімізге сапалы білім беріп, жайлы орта қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыс. Тұтас­тай ал­ғанда, биыл Астана медицина университетінде тиісті жөндеу жұ­мыс­­тарымен 30 мыңнан аса шаршы метр аумақ қамтылды. Мұндай ауқымды жаңғырту бұрын-соңды бол­ма­ғанын атап өткен жөн. Айталық, Сарыарқа көшесіндегі оқу корпусы күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңарған акт залы, заманауи кітапхана және «Сoworking» орталығы жастардың игілі­гіне берілді. Бұған қоса студенттер жатақханасының 2 блогінің жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Оқу жылы­ның барысында 1 блокте жүр­гізі­ліп жатқан жаңғырту жұмыс­тары соңы­на жетеді деп көзделген.

Заман ағымына сай сұранысқа ие оқу бағдарламалары сәтті іске қосылды. Нақты айтсақ, университетте бакалавриат, интернатура, резидентура, магис­тратура және докторантура бо­йынша жалпы саны 10 мыңнан аса адам, оның ішінде әлемнің 20 елінен мыңнан артық шетелдік студент білім алып, 65 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағ­дар­ла­ма­сы табыс­ты іске асып жатыр.

Кейінгі 2 жылда неонатология, педиат­­­рия, хирургия, акушерлік және гинекология, терапия, реанимация, ультрадыбыс­ты диагностика және кіші мамандықтар бейіндері бойынша аумағын 2 мың шаршы метрге дейін кеңейте отырып, 400-ден аса жабдық орнату арқылы Симуляциялық орталық­ты толық жаңғыртып, халықаралық институционалды аккредиттеу жүргізілді.

Университет денсаулық сақтау кадр­ларын даярлаудың барлық дең­гейін­де білім бағдарламаларының санын ұлғайту, оның ішінде отан­дық және шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен екі дипломдық бағдарламаларды іске қосу арқылы оқу үдерісін жетілдіруді жалғастырады. Ғылыми инфрақұрылымды дамыту үшін жаңа ҒЗИ ашу, сондай-ақ ұжымдық зертхананы құру және виварийді жаңғырту, коммерцияландыру кеңсесін құру, биыл ашылған эндаумент-қорды тиімді дамыту, сондай-ақ барлық бизнес-үдерісті то­лық реинжиниринг пен цифрландыруды аяқтау көзделген.

Бүгінде стационарлы және амбу­ла­­­торлық-емханалық кө­мек көр­сету үшін 20-дан аса мама­н­дан­ды­рыл­ған бөлім­шені қарастыратын, жалпы ауда­­ны 200 мың шаршы метрге жуық, 800 орынға шақ­талған университеттік клиниканы салу пысықталып жатыр.

Біздің көздегеніміз – емделушіге, яғни адамға бағдарланған медициналық қызметті жолға қою және сол қызметті дамытатын мықты дәрігерді даярлап шығару.

 

Камалжан НАДЫРОВ,

Астана медицина университетінің басқарма төрағасы-ректор