Бұл туралы қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшаларынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаз мезгілінде 3 рет тауға шығу ұйымдастырылып, соңғы рет 31 тамызда 354 қатысушы Жастар шыңын бағындырған.
Қатысушыларға қауіпсіздік пен маршрут бағыттары бойынша еріктілер мен құтқарушылар жәрдем беріп отырған. Іс-шараға қатысқан Францияның бас консулы Фабрис Неве «Альпиниада-2024» жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Инклюзивті топқа баса назар аударылып, 29 бала ата-анасының ертіп жүруімен шыңға шыққан, оларға жеке тур ұйымдастырылған. Аталған іс-шара шеңберінде 1000-нан астам тауға шығуды ұнататындардың басы қосылған.