• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қыркүйек, 2024

Air Astana қызметкері Бибігүл Төлегенованы ұшақ бортына кіргізбей қойған. Министр мәлімдеме жасады

73 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева халық әртісі Бибігүл Төлегенова мен ірі Air Astana әуе компаниясының қызметкері арасында болған келеңсіз жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Бибігүл Төлегеновны Air Astana әуе компаниясының бортына отырғызу кезінде болған өте ыңғайсыз жағдай мені де қатты алаңдатты. Әуе компаниясы бұл мәселе қатысты түсініктеме беріп, әуе қауіпсіздігінің халықаралық ережелері еске салды. Әрине, ұшақтың және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ережелер қатаң сақталуға тиіс», деді Аида Балаева.

Дегенмен, министр бұл жағдайға байланысты өз ойын білдіргісі келетінін айтты. 

«Нақтырақ айтқанда, әуе компаниясы мен оның қызметкерлері ішкі нұсқаулықтардан бөлек, қарапайым этиканы, адами қарым-қатынасты сақтап, өз клиенттеріне құрметпен қарауы керек деп есептеймін. Әсіресе, жасы үлкен жолаушыларға, Отан алдында айрықша еңбегі бар адамдарға ерекше құрмет көрсетілуге тиіс. Өйткені аға буынға құрмет – тәрбие мен ішкі мәдениет мәселесі. Ал қазақ өнерінің бұлбұлы, өнер майталманы Бибігүл Ахметқызына зор денсаулық, ұзақ өмір мен сарқылмас күш-жігер тілеймін!», деп жазды Аида Балаева.

Айта кетейік, келеңсіз оқиға 2024 жылдың 3 қыркүйегінде Астанадан Алматыға ұшатын Air Astana 852 рейсінде болған. 

Продюсер Лека Савельева аталған әуекомпания қызметкері Бибігүл Төлегеноваға дөрекілік танытқанын мәлімдеген еді.