• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қыркүйек, 2024

Қазақша ән салады

40 рет
көрсетілді

Павлодар қаласындағы «Достық үйінде» облыстық Қазақ­стан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері арасында «Қазақша ән саламыз» фестивалі өтті. Өзге ұлт өкілдері ел аузындағы танымал әндерді тамылжыта шырқап, халқымыздың әншілік мәдениетін жақыннан тани түсті.

«Қазақша ән саламыз» фестивалі өңірдегі барлық этномәдени бірлестіктің басын қосты. Жалпы саны 60-тан астам қатысушы өнер көрсетіп, қазақтың танымал әндерін орындады. Фес­тивальдың аты айтып тұр­ғандай, мұнда тек өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде ән сал­ды. Әуелі қатысушылар же­ребе тартысып, «Асыл әуен», «Шалқыма», «Сырлы саз», «Дудар-ай» топтарына бө­лінді. Ал мәдени іс-ша­раның өзі «Халық әндері», «Қазақ ком­позиторларының әндері», «Заманауи әндер» деген үш кезеңнен тұрды.

«Қазақша ән саламыз» жобасы Павлодар облысы әкімінің тапсырмасы бойынша тұңғыш рет облыстық Ассамблеяда өткізіліп отыр. Жоба мақсаты – жастар арасында қазақ мә­дениетіне деген құрмет се­зімін тәрбие­леу, өзге этнос өкілдері арасында рухани бір­лік пен ұлт­аралық келісім идея­ларын та­рату, мемлекеттік тілдің да­­­муына ықпал ету. Осы ар­­қылы қазақтың мәдени құн­ды­лықтары ұлықталады. Этно­­мәдени бірлестіктердің өкілдері қазақша ән шырқап, рухани өнерімізбен танысады. Бұл жоба өңірде алғаш рет ұйымдастырылды. Ал­дағы Республика күнінде өзгеше форматта өткіземіз деп жоспарлап отырмыз», дейді «Қоғамдық келісім» ме­кемесінің басшысы Нүрия Кө­бенова.

Қатысушылар жеребе таңдап, өздеріне берілген ән­дерді орындады. Олардың қата­рында «Ана», «Ұстазым», «Сар­жайлау», «Армандастар», «Бір бала» туындылары бар.

 

ПАВЛОДАР