• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Байқау 04 Қыркүйек, 2024

Мақал-мәтел сайысы

178 рет
көрсетілді

Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне орай, Маңғыстауда бірқатар іс-шара жоспарланған. Соның бірі – «Тілдарын» полиглоттар байқауы. Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтап, қолдау көрсету, көп тілді меңгергендерді өзгелерге үлгі ету. 15 және 30 жас аралығындағы жастар қатысатын сайыс көп тіл білетін нағыз жүйріктерді анықтайтын болады.

«Қатысушының өзіндік киім үлгісі мен сахна мәде­ниетін сақтауы талап етіледі. Қазақ, ағылшын және орыс тілінде өтетін байқау үш ке­зеңнен тұрады», деді Ақтау қалалық ішкі саясат және тіл­дерді дамыту бөлімінің бас маманы Айзанат Кенжеғұл.

Сондай-ақ өзге ұлт өкілдері арасында мақал-мәтелден «Тіл – тарихтың айнасы» байқауы басталды. Бұл сайыс та Ақтау қалалық ішкі саясат және тіл­дерді дамыту бөлімінің мем­лекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Саламатты ел» қоғамдық қорының ұйым­дастыруымен өткізіліп жатыр. Мемлекеттік тілдің қол­даныс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту мақсатындағы сайысқа 15-20 жас және 25-45 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері қатыса алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау үй тапсырмасынан және төрт кезеңнен тұрады. Қатысушылар алдымен «Үй тапсырмасы» бойынша өзін қысқаметражды бейнеролик арқылы таныстырады, онда қатысушының аты-жөні, қызығушылықтары, қоғамдық өмірдегі жетіс­тік­тері, алдына қойған мақсат-міндеттері, қазақ тілінің қол­­даныс аясын кеңейтуге қо­сып жүрген үлесі, т.б. қам­ты­лу­ға тиіс. Келесі кезең­дерде мақал-мәтел айту­дан жарысып, олардың мағы­на­сын түсіндіруден сынға тү­седі. Ал үшінші кезеңде ма­қал-мә­телдің жалғасын тауып, соңғы кезеңде мақал-мә­тел­дер бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тілдер мерекесіне орай өткізілетін іс-шара тек бұл са­йыстармен шектелмейді, бір­неше күнге ұласатын іс-шаралар мем­лекеттік тілдің мерейін көте­руге негізделген.

 

Маңғыстау облысы