• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Қыркүйек, 2024

Солтүстік Кореяда шенеуніктер жаппай өлім жазасына кесілді

116 рет
көрсетілді

Биыл Солтүстік Кореяда ірі су тасқыны болған еді. Ел үкіметі табиғи апаттан келген шығын мен елеулі залалға жауапты 20-30 шенеунікті өлім жазасына кескені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap-қа сілтеме жасап.

«Солтүстік Корея билігі өткен айдың соңында 30-ға жуық мемлекеттік қызметкерді өлім жазасына кесті. Мұндай жазаға кесілгендердің арасында облыс әкімдері деңгейіндегі шенеуніктер де бар», делінген Оңтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдарында. 

Yonhap мәліметтері бойынша, Оңтүстік Кореяның ұлттық барлау қызметі аталған жағдайды мұқият қадағалап отыр.

Айта кетейік, су тасқынына ұласқан нөсер жаңбыр 1,5 мыңға жуық адамның өмірін қиды.