Бұл Дегтяревтің екінші алтыны. Еске салайық, отандасымыз 2020 жылы Токиода өткен Паралимпиада ойындарда алғаш рет жеңіске жеткен.
Дәл қазір желіде Дегтяревтың видеосы тарап жүр. Онда чемпион өзіне үміт артқан барша ел азаматына ризашылығын білдірген.
«Мен үшін дұға еткен, сенген және үміт артқандардың барлығына үлкен рахмет. Мені өсірген, білім берген тамаша отбасыма, жақындарыма мың алғыс», деді Давид Дегтярев.
Спортшы бапкеріне де ыстық ықыласын арнады.
«КСП-ке, «Мерген» клубына, бастық Ұланға, менің бапкерім Юрий Николаевич Колесниковке, Қазақстан халқына мың алғыс», деді ол.
Ал бүгін, 5 қыркүйекте Дегтяревті ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Мемлекет басшысы Давид Дегтярев тамаша нәтиже мен мызғымас қайрат көрсеткенін тілге тиек етті.