• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2015

Павлодарда белгілі ғалым 80-ге толады

545 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 24 қаңтар. Олжабай Жармакин - бүкіл  ғұмырын білім мен ғылымға, оның ішінде филология саласына арнаған ғалым. Басқа ғалымдардан ерекшелігі, бұл кісі көп тіл біледі. Жүздеген шәкірттер тәрбиеледі. Ана тіліміздің жанашыры. Неміс тілінің маманы, филология ғылымының кандидаты, доцент, профессор Олжекең алдағы 28 қаңтарда 80 жасқа толады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жұбайы Нұрила апа екеуі үш бала өсірді. Бақытжан, Бауыржан - дәрігерлер, Гүлнәрі - экономист-заңгер. Немере, шөберелер тарады. Олжабай Қайкенұлы еңбек жолын 1956 жылы ауыл мектебінде неміс тілі пәнінің мұғалімі болып бастапты. Облыс орталығындағы педагогикалық институттың шет тілдер кафедрасын басқарып 30 жылдай қызмет атқарды. Ал, 1997 жылдан бүгінгі күнге дейін Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінің «Шетелдік филология және аударма ісі» кафедрасында қызмет етіп келеді. Ғалым 50 ғылыми мақала, 2 монография, 5 оқулық жазды. Жасы 80-ге келсе де әлі тың, сергек. Әдемі қартая білу деген осы. Ағамызға алдағы уақытта да ғылыми еңбектер қатары толыға түссін, денсаулығы мықты болсын деп тілейміз. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: egemen.kz.