• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Қыркүйек, 2024

Қазақстан елшілігі азаматтарымызға Украинадан кетуді ұсынды

77 рет
көрсетілді

Қазақстанның Украинадағы елшілігі сол мемлекетте жүрген отандастарымызға үндеу жолдады, деп жазады Egemen.kz.

«Шиеленістің күшеюіне байланысты және қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.

Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын пайдалана алады: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі – коммерциялық әуе қатынасы арқылы.

Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес. Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38 (044) 4831596, +38(044) 4891031.

Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі (төтенше жағдайда): +380673470408», делінген елшілік таратқан 

Сондай-ақ хабарламада елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елеп, қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырған.