• RUB:
    5.41
  • USD:
    483.57
  • EUR:
    534.49
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 18:05

Жүк көліктерін 8 рет тонаған күдікті ұсталды

29 рет
көрсетілді

Сәуір айынан бері Ақтөбе облысы арқылы транзитпен келе жатқан жүк көліктеріне 8 рет ұрлыққа түскен 46 жастағы ер адам ұсталды, деп жазады Egemen.kz.

Ұсталған күдікті жүргізушілердің демалып жатқан мезеттерінде ауыр жүк көліктеріне ұрлыққа түсуге машықтанған екен.

Polisia.kz-тің жазуынша, полиция қызметкерлері кезекті ұрлық үстінде күдіктіні ұстаған және оның тұрғылықты жерінен ұрланған әртүрлі заттарды тапқан. Күдікті заттай айғақтардың бір бөлігін сатып та үлгерген екен.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.