• RUB:
    5.35
  • USD:
    482.94
  • EUR:
    535.97
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 17:12

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы: Жетісуда семинарлар өтті

38 рет
көрсетілді

Аталған жоба шеңберінде Жетісу облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

26-27 тамызда Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің мәжіліс залында Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдар, психологтар, теологтар қатысты.

Жиында түсіндіру тобының мүшелері – Нейролингвистикалық бағдарламалау маманы, психолог Сейтқали Мирзада Шахманұлы және дінтану маманы Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы дәріс оқыды.

Сейтқали Мирзада Шахманұлы  «Ораторское мастерство: Искусство публичных выступлений» тақырыбында сөйлеу техникасының меңгерудің тиімді жолдарын атап өтіп, дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуына септігін тигізетін тәсілдермен бөлісті. Сондай-ақ, «Навыки высокоэффективных людей» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады.

Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы «Әлеуметтік желіде түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы» тақырыбымен қатысушыларға қазіргі ғаламтор арқылы жас өркеннің бойына тәрбиелік мәні зор дүниелерді сіңіре білу мүмкіндігін қамтамасыз ету, қазіргі уақытта жамағатпен байланысты әлеуметтік желі арқылы орнатудың маңыздылығын түсіндірді.  Сондай-ақ, «Әлеуметтік желінің алгоритмдерін меңгеру және тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбында қатысушыларға әлеуметтік желіде жергілікті парақшаны жүргізу әдістерін үйретті.

Сонымен қатар, семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.