• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қыркүйек, 2024

Қазақстанның барлық жолында автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылады

111 рет
көрсетілді

Қазақстанның барлық өңірінде әртүрлі санаттағы автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті арттыру үшін заманауи автоматтандырылған өлшеу станциялары (АӨС) орнатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Жоғары аудиторлық палатасының тапсырмасы бойынша қолданыстағы АӨС-ға тиісті талдау жүргізілген еді.

АӨС – бұл фото және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, көлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және габариттік параметрлерін, сондай-ақ осьтік жүктемелері мен жылдамдығын тіркейтін арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралы.

«Талдау нәтижесінде бүгінде жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда Kistler (Швейцария), UNDS (Оңтүстік Корея) және Тензо-М (Ресей) автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылғаны анықталды. Бұдан басқа, Астананың кірме жолдарында Іntercomp (АҚШ) өндірген тензометриялық датчиктері бар 7 заманауи АӨС орналастырылған. Жүргізілген талдау негізінде техникалық құралды республиканың басқа өңірлеріне одан әрі тарату жоспарланған. Көлік министрлігі әкімдіктермен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп 220 қосымша АӨС орнату үшін жеке инвесторларды тарту мәселесін пысықтауда: халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарда – 70, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда және қалалардың көшелерінде – 150», деп хабарлады Жоғары аудиторлық палатасының баспасөз қызметі.

Бұл салмақ және жылдамдық режимдерінің бұзылуын жедел анықтауға, жол қозғалысына сапалы мониторинг жүргізуге және жалпы автожолдардағы қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Бұған дейін Астанада жолдардың бұзылуын болдырмауға арналған автокөлікті өлшеудің автоматтандырылған жүйесі ресми түрде іске қосылғанын хабарлаған едік.