• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2015

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

395 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 қаңтар. Президент әкімшілігінің келісімімен және Алматы өңірінің басшысы Амандық Баталовтың өкімімен облыс әкімінің орынбасары қызметіне Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы тағайындалды. Бұл туралы zhetysu-gov.kz хабарлады. Ғ.Әбдірайымов 1965 жылы туған. Білімі жоғары. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын және «Тұран» университетін бітірген. Мамандығы – құрылыс инженері және заңгер. Еңбек жолын Жамбыл облысында «Шығыс» колхозында құрылыс учаскесінің мастері болып бастады. Әр жылдары шаруа қожалығының төрағасы, сәулет-құрылыс фирмасының атқарушы директоры, Алматы қалалық орталығы лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметінің сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры, Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаментінің директоры – Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс инспекторы, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 2014 жылғы қыркүйектен Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет етіп келді. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: zhetysu-gov.kz.
Соңғы жаңалықтар