Төтенше жағдай 07 Қыркүйек, 2024

Алматыда жеке тұрғын үй түгі қалмай жанып кетті

140 рет
көрсетілді

Алматыда Әуезов ауданында 7 қыркүйекте түнде жеке тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, бірақ нысанды оттан аман алып қалу мүмкін болмады, үй түгелімен жанып кетті.

 -ТЖМ күштерімен 120 шаршы алаңды қамтыған өрт сөндірілді.

Қабылданған шаралардың арқасында өрттің жақын маңдағы нысандарға таралуына жол берілмеді, - делінген төтеншеліктер хабарламасында.

ТЖМ азаматтарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.