• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2015

Шымкентте жаңа ауданның әкімі тағайындалды

386 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 қаңтар. Шымкент қаласында ашылған жаңа ауданның әкімі болып Ғалым Ысмайылов тағайындалды. Бұл туралы shymkent.gov.kz. хабарлады. Ол еңбек жолын 1983 жылы Оңтүстік Қазақстандағы «Бөген» құс фабрикасының жұмысшысы болып бастаған. Білімі жоғары. Қазақ химия технологиялық институты мен Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-ді бітірген. Ғ.Ысмайылов көптеген жылдар ірі кәсіпорындарда басқарушылық қызметтерде еңбек етті. Бұдан басқа, әр жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жұмыс істеді, Түркістан қаласы әкімінің, екі рет Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Айта кетейік,, Қаратау ауданында 209 мыңнан астам адам тұрады, мұнда ондаған шағынаудандар біріктірілген. Аумағында екі ЖОО, 3 колледж, 32 мектеп, 32 балабақша, 23 денсаулық сақтау мекемесі, 5 мәдени және 7 спорттық нысан орналасқан. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: shymkent.gov.kz.