Бүгін, 8 қыркүйек күні V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының алғашқы жарыс күні басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ойындардың алғашқы жарыс күнін жамбыатушылар бастамақ.
«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда спортшылар жамбы ату спорт түрінің Мажар стилі бойынша алғашқы медальдарды сарапқа салынады. Жалпы бұл сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысады.
Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетеді.
8 қыркүйек күнгі жарыс кестесі:
ЖАМБЫ АТУ
09:00 – 09:40 - 1 топ09:50 – 10:30 - 2 топ10:40 – 11:20 - 3 топ11:30 – 12:10 - 4 топ12:20 – 13:00 - 5 топ13:10 – 13:50 - 6 топ14:00 – 14:40 - 7 топ14:50 – 15:30 - 8 топ15:40 – 16:20 - 9 топ16:30 – 17:10 - 10 топ17:20 – 18:00 - 11 топ19:00 – 20:00 Марапаттау рәсімі
Еске сала кетсек, V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының ресми салтанатты ашылу рәсімі бүгін, 8 қыркүйек күні Астана уақытымен 16:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.