Елордада Көшпелілер ойындарының алғашқы жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда спортшылар жамбы ату спорт түрінің мажар стилі бойынша алғашқы медальдарды сарапқа салады. Таңертеңнен бері әлемнің 30-ға жуық елінен келген шабандоздар іріктеуден өтіп жатыр, дейді ұйымдастырушылар.
Жамбы ату – ат үстіндегі дәстүрлі садақ ату спорты. Жарыстың бұл түріне 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысып отыр. Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетіп жатыр, – делінген ақпаратта.
Көшпелілер ойындарын Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфир арқылы тамашалауға болады.