• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Қыркүйек, 2024

Түркістан тұрғыны 7 жылға көлік басқару құқығынан айрылды

135 рет
көрсетілді

Түркістан облысында мас күйде көлік тізгіндеген ер адам 7 жылға көлік басқару құқығынан айрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сауран ауданының полицейлері  күндізгі уақытта аудан көшелерінің бірінен жүрісі күдікті әрі қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан Daewoo Matiz автокөлігінің жүргізушісін байқап тоқтатқан.

Тексеру барысында  58 жастағы жергілікті тұрғынның мас күйінде  көлік жүргізгені анықталған.  Жүргізуші заң бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айрылды.