• RUB:
    5.36
  • USD:
    480.55
  • EUR:
    533.75
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:39

Алматы маңында көкөніс сақтайтын қойма өртенді

35 рет
көрсетілді

Алматы облысының Қарасай ауданында көкөніс қоймасы өртеніп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қоймадағы өрт 8 қыркүйекте, шамамен сағат 17:20-да басталған. Қызыл жалын 1500 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Оқиға орнына  Алматы облысының жедел әрекет ету күштері жұмылдырылды. Көкөніс өнімдері сақталған қойма толығымен өртеніп кеткені анықталды. Жалын 18:59-да  оқшауланды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», деп хабарлады Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті.