• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2010

МӘЖІЛІС БЮРОСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

480 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен палата бюросының отырысында заң жобаларының дайындығы қаралды. Салалық комитеттердің ұсы­нуы­мен палатаның жалпы оты­ры­сының күн тәртібіне “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Заңға түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы ұсынылды. Еліміздің кейбір заңдарына балалардың құқығын қорғау туралы заң жобасы екінші оқылымда, отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірім­дер үйлеріне қатысты өзгерістер енгізуді қарастыратын заң жобасы шығарылатын болды. Және де “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” кодекс жобасы екінші оқылымда талқыға түседі. Сонымен қатар, “Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы” Заңға түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы, Қа­зақстан мен Біріккен Араб Әмір­ліктері арасындағы Азаматтық және коммерциялық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы ке­лісімді, Қазақстан мен Халық­ара­лық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Даму бағдарламасын қолдауға берілетін кредит) және Қазақстан мен Германия Федеративтік Рес­пуб­ликасының үкіметтері арасын­да­ғы Алматы қаласындағы Қазақ­стан-Германия университетін да­мы­ту жөніндегі одан әрі ынты­мақтастық туралы келісімді бекітуді қарастыратын заң жобалары жалпы отырыста талқыға салынады. Бюро отырысында бірқатар са­лалық комитеттер заң жобалары­мен жұмыс істеуді жалғастыру туралы ұсыныс жасады. Сондай-ақ “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы бойынша Қос палатаның келісім комиссиясының ұсыныстары қаралды. “Егемен-ақпарат”.