• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2015

Мерекелер тиянақты ұйымдастырылуы тиіс

284 рет
көрсетілді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Г.Әбдіқалықова алдағы ме­рей­тойлық даталарды – Қазақ хан­дығының 550 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев осы іс-шаралардың жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, мемлекеттілікті нығайту, сондай-ақ, республикада бірлік пен келісімді қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атай отырып, орталық және өңірлік деңгейде тиянақты ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Соңғы жаңалықтар