• RUB:
    5.27
  • USD:
    480.63
  • EUR:
    535.13
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қыркүйек, 2024

Алматы облысында тауға шыққан жас туристер адасып кеткен

66 рет
көрсетілді

Алматы облысында 19 жастағы үш турист тау шыңынан түсіп келе жатып адасып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Олар Букреев шыңына көтеріліп, төмен түсіп келе жатқанда байқаусызда соқпақ жолдан шығып кетіп, адасып қалған. Телефон байланысы ұстайтын жерден құтқарушыларды шақырған. Тау соқпақтарын зерттеп алмай, бағыттан жаңылғандарға ТЖМ қызметкерлері көмекке келген.

ТЖМ хабарламасында: «Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кинологиялық есеп тобымен бірге көмек сұраушылардың геолокациясы бойынша тауға көтеріліп, көрсетілген орыннан таба алмады. Жігіттер өз күштерімен түсуге шешім қабылдаған екен, құтқарушылар оларды іздеп тауып,  жақын аялдамаға дейін аман-есен жеткізді», делінген.

Соңғы жаңалықтар