• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қыркүйек, 2024

ШҚО тұрғыны арзан пәтер аламын деп алаяққа алданып қалған

72 рет
көрсетілді

Өскемен қалалық полиция басқармасына қолжетімді бағада пәтер аламын деп сан соғып қалған облыс тұрғыны арызданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ер адам өскемендік азаматты арзан бағада пәтер алуға көмектесетініне сендіріп, «қызметі» үшін 500 мың теңге сұраған. Жәбірленуші аталған соманы бергеннен кейін, екеуара байланыс біржола үзілген.

Polisia.kz-тің жазуынша жедел-іздестіру барысында полицейлер 39 жастағы күдіктіні ұстады. Бұрын бірнеше рет сотталған Өскемен қаласының тұрғыны кінәсін мойындаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.