• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қыркүйек, 2024

Ақмола облысында өрт сөндіруші өз-өзіне қол жұмсаған

119 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде Степногорск қаласында Төтенше жағдай қызметкері өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарап жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға бүгін, 10 қыркүйекте Степногор қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің жатақханасында болған. 21 жастағы азаматтық қорғаныс лейтенанты асылып қалғаны қоса хабарланды.

Ақмола облысының Полиция департаменті бұл ақпаратты растады, бірақ оқиғаның мән-жайы белгісіз. Ер адамның өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны атап өтілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаның марқұмның кәсіби қызметіне қатысы жоқ екенін мәлімдеген.