• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қыркүйек, 2024

Үкімет басшысы РФ Новгород облысының губернаторымен бірқатар мәселелерді талқылады

55 рет
көрсетілді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Новгород облысының губернаторы Андрей Никитинмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесуде өңіраралық ынтымақтастық және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар Новгород облысының делегациясы жұмыс сапары аясында Ұлытау облысына барып, қонақтар өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша салынған «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды. Айта кетейік, Қазақстан өңірлерінің РФ Новгород облысымен тауар айналымы 2024 жылдың 6 айында $19,2 млн теңгені құраған.